$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Нұр Отан» партиясының мүшелері Елбасы мақаласын талқылады

AstanaTV
28.04.2017ж. 20:00
2890
«Нұр Отан» партиясының мүшелері Елбасы мақаласын талқылады

«Нұр Отан» партиясы «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» акциясын өткізді. Мұндай шара партияның республика көлеміндегі барлық 231 қоғамдық қабылдау бөлімдерінде ұйымдастырылған. Басқосу тақырыбы еліміздегі ұлттар бірлігін арқау еткен. Жиынға келгендер Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жан-жақты талқылады. Партия ардагерлері, ғалымдар мен кәсіпкерлер маңызды мақаладағы басымдықтарға кеңінен тоқталып, болашақта бұл өзекті мәселелерді тиімді жүзеге асыру жолдарын да саралады. 

Жұмажан Жүкенов, «Нұр Отан» партиясы республикалық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі: 

Бірлік деген бір жөн. Екіншіден, бұл мақала тек қазақ халқына ғана емес, осы Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлттардың мүддесін қорғайды деген сөз. Сондықтан оларды білу керек. Тереңірек оқу керек. Сондықтан бұл мақала барлық халықты біріктіреді.