$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Түркістан облысында келіншектің танысына жасаған сұмдық әрекеті әшкере болды

AstanaTV
31.10.2024ж. 15:00
229
Түркістан облысында келіншектің танысына жасаған сұмдық әрекеті әшкере болды

Түркістан облысында таныстарын оқуға түсіріп беремін деп алдаған әйелдің ісі сотқа өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

ІІМ-нің мәліметінше, Кентау қаласында жергілікті тұрғын туысын тақырға отырғызды. Белгілі болғандай, күдікті әйел танысын оқуға түсіріп беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 600 мың теңгесін алған. Алайда қанша уақыт өтсе де, уәдесін орындамай, алған ақшаны жеке бас пайдасына жаратып жіберген.

Тәртіп сақшылары күдікке ілінген әйелдің бұдан бөлек дәл осындай алаяқтыққа қатысты екі жайтын анықтады. Жәбірленушілерге 3 млн теңгеден астам шығын келтірілген. Қазіргі таңда күдікті қамауда, іс сотқа өтті.