$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жансая Әбдімәлік Қазақстан шахмат федерациясына ренішін білдірді

AstanaTV
31.10.2024ж. 15:38
253
Жансая Әбдімәлік Қазақстан шахмат федерациясына ренішін білдірді

24 жастағы гроссмейстер Жансая Әбдімәлік Шахмат федерациясының өкілі Шымкенттегі Гран-при турнирінде шындыққа жанаспайтын ақпарат айтқанын мәлімдеді.

Жансая Әбдімәліктің айтуынша, Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова оның осындай деңгейдегі турнирді жеңген алғашқы қазақстандық шахматшы екенін ескермеген.

Бүгін турнирдің ашылу рәсіміндегі видеоны көзім шалып қалды. Онда жүргізуші Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетоваға қазақстандық спортшылардың әйелдер Гран-при кезеңін жеңіп алған-алмағанын туралы сұрап жатыр екен.

Бұл сұраққа Гүлмира: «Әзірге бізде мұндай жетістік болған жоқ» деп жауап беріпті. Естеріңізге қайтадан сала кетейін!» - деп Жансая Әбдімәлік Instagram желісіндегі ресми парақшасына жазып, 2021 жылы Гибралтарда өткен Гран-при турнирінде марапатталған видеосын жариялады.

Бұл туралы turkystan.kz. хабарлайды.