$522.49 €547.88 ₽5.06
×

Астанада жыл басынан бері 257 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған

31.10.2024ж. 20:00
163
Астанада жыл басынан бері 257 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған

Астанада жыл басынан бері 257 адам әкімшлік жауапкершілікке тартылған. Олар бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтірген. Полиция департаментінің мәліметінше, бұл көрсеткіш жыл санап артып жатқан көрінеді. 

ДӘРІБЕК БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Айбек
Айбек
Ойбууу енді қайттім. Қарап тұрмай терезесін сындырып алдым ау. Ешкім көріп тұрған жоқ па екен. Біреу байқамай тұрғанда тайып тұрайын.

Жаны ашымастың басы ауырмас. Біреудің мүлкін бүлдіріп мен секілді қашып кеткендер қаншама. Тұрғындар бұндай жағдайды жиі көреміз дейді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Құр сынып қалғаннан кейін көрдік. Сынғандар остановкалар ғой только. Остановканың стеклолары сынып тұрған.
- Қаланың осындай тәртібін жасымыз келгеннен кейін әрине жақсы көреміз. Біреу бүлдіріп жатса тоқтатамыз. Қолымыздан келсе.
- Редко көресің ғой. Біреудің еңбегі ғой. Бағалау керек ғой ол нәрсені.

Бөтеннің мүлкін қасақана немесе жәй бүлдіріп алсаң 63 мың 600 теңге айыппұл арқалайсың, не болмаса 5 тәулікке қамаласың. Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұндай жағдай өткен жылмен салыстырғанда екі есе өскен.

ҚАНАТ НЫСАНТАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда 257 әкімшлік құқық бұзушылық біздің тарапымыздан анықталып, кінәлі адамдар жауапкершілікке тартылды. Қазіргі таңда заң өзгеруіне байланысты бөтеннің затын қасақана бүлдіру, жою бойынша нақты бөлек бап қолданысқа берілді. Сол бойынша қызмет атқарып жатырмыз.

Бұл тек қолда бар мәлімет. Ұстатпай қашып кеткені қаншама.