$488.26 €530.54 ₽5.03
×

"Келер жылдан бастап ғарышқа отандық зымыран ұшыру жоспарланған", - министр

31.10.2024ж. 20:00
59
"Келер жылдан бастап ғарышқа отандық зымыран ұшыру жоспарланған", - министр

Келер жылдан бастап ғарышқа отандық зымыран ұшырылуы мүмкін. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтты. Қазір мәселе жан-жақты пысықтылып жатыр. Айта кетейік, бүгінде «Бәйтерек» Қазақстан зымыран кешенінің жұмысы қайта жанданған. Жауаптылар комерциялық бағытта зымыран ұшыруды 2028 жылға жоспарлап отыр. Ал оған дейін тестілеу режимінде көкке көтеріледі. 

ЖАСЛАН МӘДИЕВ, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІ:

Отандық зымыран тасығыш ғарышқа тәуелсіз жол ашу құралын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазір зымыран тасығыштың компоненттері мен материалдарын әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. Зымыранның қоспа отынының прототипі жасалды. Метеорологиялық зымыранды ұшыру 2025 жылға жоспарланған. Аса жеңіл зымыранды сынақтан өткізу 2023 жылға белгіленген.