Партиялықтар
көмегі! Ақтөбеде 8 баласымен сергелдеңге түскен анаға жетекші партия өкілдері
қол ұшын созды. Салтанат Садуованың күйеуі мен екі баласының мүмкіндігі
шектеулі. Алтын алқа иегері бұған дейін партия филалының қоғамдық қабылдау
бөліміне көмек сұрап келген болатын. Оның мұң-мұқтажына құлақ асқан қалалық
мәслихат депутаттары қаржылай және материалдық көмек көрсетті. Ал бүгін азық-түлік пен балаларына
киім-кешек алып келіп, тағы бір қуантты.
Айта кетелік, жыл басынан бері «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөліміне 246 арыз түсіп,
оның 72-сі оң шешімін тапқан.
Салтанат
Садуова, көп балалы ана:
«Нұр Отан» көмегімен басыма акимат бір бөлмелі баспана берді. 13-нен бастап осында
тұрып жатырмыз. Сол үшін бұл кісілерге көптен көп рахметімді айтамын! «Нұр Отан» ұжымына ризамын!
Нұржауған
Бұқарбаева, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің
кеңесшісі:
Қолдау
көрсетіп, көмек беру - «Нұр Отан» партиясының басты бағыттарының бірі. Біз үшін
ең бастысы, азаматтардың мәселелерін жедел шешу басты назарда болады. Осы
орайда партияның қалалық филиалының қоғамдық қабылдауы қала тұрғындарының
сенімді серігіне айналып отыр қазіргі таңда.