$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматыда пәтер тонаумен айналысып жүрген топ ұсталды

AstanaTV
04.11.2024ж. 13:55
200
Алматыда пәтер тонаумен айналысып жүрген топ ұсталды

Алматыда пәтер ұрлауды «кәсібіне» айналдырған топ мүшелері қолға түсті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Полицияның хабарлауынша, олар негізінен шаһардың тұрғын алабында ұрлық жасап жүрген. Жедел уәкілдер арнайы іс-шараны арнайы жасақ полицейлерінің көмегімен жүргізді.

«Қаскөйлер қылмыс орнында ұсталды. Олар ұсталғанға дейін аз уақыт бұрын 6-шағын аудандағы пәтерлердің біріне терезе арқылы кіріп, алтын бұйым мен үй иелерінің жиған-тергенін ұрлап кеткен. Екі күдікті де бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотты болған. Олардың бірі – Ақмола облысының тұрғыны, екіншісі – солтүстік жақтан келген адам. Біздің жедел деректерге сәйкес, бұл «дуэттің» кем дегенде осыған ұқсас 9 эпизодқа қатысы бар. Олар негізінен қаланың Әуезов, Медеу және Бостандық аудандарында ұрлықпен айналысты. Күдіктілер қамауға алынды. Айғақты заттар тәркіленді», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.