$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматыда 4,5 балдық жер сілкінісі тіркелді

05.11.2024ж. 20:00
166
Алматыда 4,5 балдық жер сілкінісі тіркелді

Алматыда бүгін жер сілкінді. Ресми ақпарат бойынша, дүмпудің күші шаһарда 3 бал, Талғар мен Есік қаласында 4 балдық шкаланы көрсеткен. Жер тербелісі әсіресе, Талғар тұрғындарын шошытты. Бір сағаттың ішінде 112 желісіне жүзден астам адам қоңырау шалған. 

ЖОМАРТ ТҮЗЕЛБАЙ, ТІЛШІ:

Таңертең 10 шамасында жер екі рет сілкінген. Зілзала қуаты- 4,5 бал.Жер сілкінісінің ошағы 33 шақырым жерде, шығысқа қарай орналасқан.Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жоқ. Алайда тұрғындар үрейленіп қалған.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Жатқанда дірілдедік битіп былай дірілдеді. Қорықтық. Тоқтады да екінші рет сілкінді.
- Бірақ жылдам болды тез. Енді өзімнің сезгенім.
- 9 жарым мен 10 жарымның ортасында болды. Біз диванда жатқанбыз. Сол уақытта 1жарым 2 минутқа созылатын жер сілкінісі болды. Хабарлама келмеді ешқандай.

Бүгінгі жер сілкінісін қала тұрғындары сезгенімен Төтенше жағдайлар департаментіндегілер сезбеген сыңайлы. Себебі қала бойынша орнатылған 843 сиренаның ешқайсысы қосылмаған. Бұған халық наразы. Алайда мамандар дабыл жүйесі зілзала қуаты 4 балдан жоғары болғанда ғана қосылатынын айтты.

НҰРБОЛ АЙТПАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД АҚПАРАТТАНДЫРУ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Іс қимыл алгоритміне сәйкес жаңағы диспетчерлердің дабыл жүйесі 4 бал мен 4 балдан жоғары болған жағдайда ғана қосылады. Бүгін ондай шешім болған жоқ диспетчерлерде. Өйткені жер сілкініс ошағында 4,5 бал магнитуда көрсетті. Қалада 3 бал ғана болды.

Сейсмологтар тұрғындарды алаңдамауға шақырды. Себебі жоғары балды жер сілкінісі қаупі жоқ.

ЕЛИЗАВЕТА ЕСЕНЖІГІТОВА, СЕЙСМОЛОГИЯЛЫҚ БАЙҚАУЛАР ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУЛЕР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Биылғы жылдың соңына дейін осы аптаның соңына дейін ірі жер сілкінісі магнитудасы 5,5 немесе одан жоғары болатын жер сілкіністері күтілмейді. Ал бүгінгі жер сілкінісі осы қауіпті сейсмикалық ауданға тән бізде ғылыми тілде айтқанда фоновый дейді. Әрқашан болып тұратын келешекте де болуы мүмкін територияға жатады.

Бүгінгі болған жер сілкінісі салдарынан Талғар қаласындағы мектептерде сабақ тоқтатылып, оқушылар үйлеріне қайтарылды. Зардап шеккендер жоқ. Ғимараттар да аман.