Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Бас көлік прокуратурасы магистральді құбырларға немқұрайлы қарағаны үшін ҚР ИДМ жазаламақ

AstanaTV
03.05.2017ж. 20:00
3024
Бас көлік прокуратурасы магистральді құбырларға немқұрайлы қарағаны үшін ҚР ИДМ жазаламақ

Мұнай және газ құбырларының жағдайына немқұрайлы қарағаны үшін Инвестициялар және даму министрлігінің шенділері жазалануы мүмкін.

Бұл туралы бүгін Бас көлік прокуратурасының алқалы жиынында белгілі болды. Сондай-ақ дер кезінде құбырлардағы ақауды жөндемегені үшін «ҚазТрансОйл» және «Интергаз Орталық Азия» компаниялары да жауапкершілікке тартылуы жайы да сөз болды. Қазір елімізде 8 мың шақырымдық мұнай құбыры мен 16 мың шақырым газ құбыры бар. Алайда ішкі диагностика жүргізілмегендіктен, 9 мың шақырым құбырдың жағдайы осы уақытқа дейін анықталмай отыр.

Нұрлыбек Жақанов, ҚР Бас көлік прокуратура басқармасының аға прокуроры:

Осыған дейін Бас көлік прокуратурасымен жүргізілген тексеріс нәтижесінде біршама заңбұзушылықтар анықталған болатын. Атап айтатын болсақ, ол 1700-ден астам магистральді мұнай құбыры мен 122 шақырым газ құбырының тексеріс уақыты өткеніне қарамастан, пайдалану деректері анықталған

Елдос САПАРҒАЛИ