$494.87 €520.65 ₽4.91
×

“Ұлттық тәрбиені қалыптастыруға қауқарлы контент керек” , - депутат

07.11.2024ж. 20:00
101
“Ұлттық тәрбиені қалыптастыруға қауқарлы контент керек” , - депутат

Ұлттық тәрбиені қалыптастыруға қауқарлы контент керек. Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай осылай дейді. Айтуынша жаһандану дәуірінде әсіресе өскелең ұрпақтың тәрбиесі майшаммен қарайтындай маңызды мәселе. Ұрпақ тәрбиесі мен жастар арасындағы қатыгездік “AMANAT” партиясы жанындағы “Miras” республикалық кеңесінің отырысында қаралды. Жиналғандар ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрді ұрпақ санасына сіңірудің маңызын талқылады.

АМАНЖОЛ ӘЛТАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, “AMANAT” ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жастарға мынау ұлттық тәрбиені, ұлттық құндылықтарды санасына сіңіретін дұрыс контент жетіспейді бізде. Осыған мән беру керек. Ана бала-бақшадан бастап, мектептен бастап, ЖОО, әр сатыда, өз деңгейінде осы жаңағы жоғарыда мен айтқан министрліктер бір-бірімен бірлесе отырып, күш біріктіре отырып, жаңағы үлкен бір кешенді бағдарламаларды қолға алу керек шығар деп ойлаймын.