$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Боранда қалып қойған 10 адам құтқарылды

07.11.2024ж. 20:00
213
Боранда қалып қойған 10 адам құтқарылды

Ақтөбе облысында қарлы боран салдарынан жолда қалып қойған он адам құтқарылды. Оның екеуі бала. Қазір өңірде қолайсыз ауа райына байланысты штаб құрылып, арнайы қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. 

Ресейден Тәжікстанға бет алған автобуста 56 жолаушы болған. Оның төртеуі -жасөспірім. Тәртіп сақшылары адамдарды эвакуациялады. Өңірде 9 мың адамға шақталған 142 жылыту бекеті дайындалды. Сондай-ақ құтқарушылар мал бағуға шығып, ауа райының қолайсыздығынан адасып қалған 65 жастағы Құршасай ауылының тұрғынын құтқарды. Ол ауылдан 7 шақырым жерден аман табылды. Хромтау ауданында да төрт адам мал іздеуге шығып, көліктері қар құрсауында қалған. Құтқарушылар дер кезінде жетіп, жолаушыларға көмек көрсетті. 

АСЛАН АРЗЫМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ТЖЖБ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ:

Өткен тәулікте осы жолдарда 7 авариялық құтқару және облыс бойынша үш іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде іздестіру құтқару жұмыстарымен екі адам құтқарылды. Авариялық құтқару бойынша 5 адам құтқарылды және төрт адам эвакуацияланды. Оның ішінде екеуі бала.