$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Уран жер асты шаймалау әдісімен өндіріледі

Уран жер асты шаймалау әдісімен өндіріледі

Әлеуметтік желіде Түркістан облысындағы уран өндіретін кәсіпорын жұмысшысы табиғатқа залал келтіріліп жатыр деген видео таратқан. Автор күкірт қышқылының далаға төгіліп жатқанын айтады. Осы жағдай бойынша Қазатомөнеркәсіп өкілдері оқиға орнына арнайы барып, журналистерге жағдайдың мән-жайын түсіндірді. 

Бейнежазба авторы осы маңда жайылып жүрген құлынның да радиоактивты сұйықтықтан өліп қалғанын көрсеткен. 2001 жылдан бері Отырар ауданы аумағында кен өндіріп келе жатқан «Заречное» кәсіпорнының басшылығы оның барлығы жалған дейді. Себебі, бар жұмыс талапқа сай жүргізіліп жатқанын айтады.

ҚАНАТ НҰРЖАНОВ, «ЗАРЕЧНОЕ» БК АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Жұмысшының түсірген видеосында қысқаша-қысқаша бөліп-бөліп алғанда..Операцияның бас жағын ғана алып, как будто сол жерде тастап кететін сияқты болып көрсетілгенда. Негізі жұмыс барысында кислота төгілген кезде кішкентай шұңқыр қазылып, жердің қыртысы көп залалданбау үшін бір жерге жинап алып, нейтрализация істеу үшін қазылады деп. Ал ана видеодағы комментарийға қарасақ жұмысшы сол жерге тастаймыз да, көміп кетеміз деген жағдай ғып көрсетіп тұр.

Кәсіпорын басшысы осы жағдайға байланысты қазір ішкі тексеру жүргізіліп жатқанын жеткізді. Әлеуметтік желіге тараған бейнежазбадан соң экологтар да сынама алған. Оның қорытындысы әлі шыққан жоқ. Кәсіпорындағы 400ге жуық жұмысшының дені-жергілікті тұрғындар. Компания уран өндіруде соңғы жылдары жер асты шаймалау әдісін қолданады. Ал күкірт қышқылымен залалданған топырақ осы жерге жиналатын көрінеді. Осында 1 айдан 1 жылға дейінгі аралықта арнайы залалсыздандырылады. Бұрғылау шламдарының сұйық қалдықтары да арнайы орынға төгіліп, сонда сақталады дейді.

БЕЙСЕН ОТЫНШИЕВ, «ЗАРЕЧНОЕ» БК АҚ ӨНДІРІСТІК ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бұның құрамында тек қана су және бұрғылау шламдары бар. Суда ешқандай радиациялық элементтер жоқ бұл жерде. Оны біз қорытындыны да сіздерге көрсете аламыз. Бұл жерде ешқандай испарение жоқ. Бұл –арнайы орын. Бұның сұйықтықтары күн сәулесімен жаз уақытысында жазда ауаға ұшып кетеді да, қатты қалдықтары қалады. Ол қауіпті қалдықтар боп саналмайды.

Қазір аталған аумақтағы жағдай бойынша комиссия құрылып, тексеру жүргізілуде.