Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері «Kyzdar.net» интернет-ресурсының серверлік инфрақұрылымының ұйымдастырушылары мен түпкілікті бенефициарларын ұстады. Ұйымдастырушылардың қызметін тоқтату қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ адамгершілік құндылықтарды, заң мен тәртіпті нығайту тұрғысынан ерекше маңызға ие. Аталған сайттың интернет желісі арқылы жеңгетайлықты жарнамалау және насихаттау, сондай-ақ азаматтарды заңсыз қызметке тарту мақсатында пайдаланылғаны анықталды. Платформада интимдік қызмет көрсетуге арналған шамамен 9 мың анкета орналастырылған, олардың 500-ден астамы дәстүрлі емес сексуалдық бағдардағы адамдар мен трансвеститтердің анкеталары болған. Мұндай қызметтер жұқпалы аурулардың таралу қаупін арттыратын факторлардың бірі болып табылады.