Астанада жаға ұстатқан оқиға болды. 48 жастағы белгісіз азамат тапатал түсте 6 жастағы қаршадай қызды зорламақ болған. Абырой болғанда, бұл оқиғаға кездейсоқ куә болған құрылысшылар педофилды ұстап қана қоймай, тәртіп сақшылары жеткенше, жазасын да беріп үлгерген. Кейін белгілі болғандай, күдікті бұған дейін де істі болыпты. Тақырыпты оқиға орнына барып қайтқан Елдос Сапарғали тарқатсын.
Елдос Сапарғали, тілші:
Астанада салынып жатқан жаңа вокзал маңында кеше құрылысшылар үлкен қылмыстың алдын алды. 48 жастағы белгісіз азамат 6 жастағы жас қызды зорламақ болған. Алайда оның арам ойын жүзеге асыруға жұмысшылар жол бермеді. Ал дәл қазір осы оқиға болған жерге полиция қызметкерлері осы күдіктімен бірге келіп, дәл судың әр жағында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Полиция мен тергеушілердің ортасында жүрген күдікті кешегі айуандығын тәртіп сақшыларына егжей-тегжейлі көрсетіп жүр. Ал, абырой болғанда, керек уақытта керек жерден табылған куәгер бұл оқиғаны былай сипаттап берді.
Асқар Жексенұлы, куәгер:
Мына жерден бір жігіт келе жатады. Артында қыз болады бес жасар. Былай қарай өтеді. Қасымдағы досыма айттым мынау педофил емес па қызды шет жаққа әкетіп бара жатыр ғой деп айтам ғой. Сосын он минут өткеннен кейін досым айтады, анау педофил ғой деймін, ана жақта барлығы шулап кетті деп. Жүгіріп барам, үш бала қызды көтеріп әкеліп бара жатады. Ана жігіт қайда деп едік, суға қарай қашып кетті деді. Судан басы ғана шығып тұрады. Бері кел десем, келмейді.
Келмек түгілі күдікті, сәлден соң басқа жағаға қарай жүзе бастаған. Алайда, полиция жеткенше, педофилды жібермеуге тырысқан Асқар 48 жастағы күдіктінің артынан суға түскен.
Ал бұл күдікті ұсталғаннан кейінгі кадр. Жергілікті жұмысшылармен қатар саяжайда тұратын тұрғындар да адамдықтан аттаған айуанды соққының астына алды. Шарасыз қалған ол мастығын сылтау етіп, өз-өзіне есеп бере алмайтындығын алға тартқан.
Асқар Жексенұлы, куәгер:
Мына жерден жүгірген кезде жаным ашып кетті. Қызды құшақтап әкеле жатыр ғой көтеріп, анау үстін шешіп тастаған. Бұтын шешіп, енді істегелі жатқан жерінде үлгерген ғой балалар көріп. Үлгерді ғой қайта, 3-4 минут үлгермесе, кетіп қалушы еді. Қайта құдай сақтап қалды, қыз таза.
Жергілікті жұрттың айтуынша, күдікті тапатал түсте арақ ішіп, өз досының қаршадай қызына дүкеннен балмұзақ алып беремін деп, алдап алып шыққан көрінеді. Үрейі қашқан тұрғындар қазір жеке жүруден қалған. Қауіпсіздік үшін саяжай маңында итпен жүргендер де кездеседі.
София Қылышбекова, Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
Сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттер жасаған үшін 48 жасар азамат ұсталған. Қазір оқиғаға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 121-ші бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Белгілі болғандай, 48 жастағы азамат бұрын сотты болған.
Өткен
жылы Астана қаласының басшылығы бұрын істі болған азаматтарды 2017-ші жылдың 1
қаңтары мен қазанға дейін бас шаһарға кіргізбеу туралы бастама көтерген. Ішкі
істер министрлігі ЭКСПО қарсаңында мұндай бастама жүзеге асатынын мәлімдеген
ЭКСПО қарсаңында мұндай бастама жүзеге асатынын мәлімдеген болатын. Ал енді бұл
оқиғадан кейін тексеріс барысы күшейе түсері анық.
Елдос
САПАРҒАЛИ