Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Зорлыққа ұшырайтын балалар саны көбейген - Психолог

AstanaTV
04.05.2017ж. 20:00
3200
Зорлыққа ұшырайтын балалар саны көбейген - Психолог

Соңғы кезде педофилияға қатысты оқиғаларды жиі еститін болдық. Мұндай фактілердің көбейгенін Қазақстандағы тең құқық пен мүмкіндіктер институты қоғамдық қорының төрайымы айтып отыр. Қазір Маргарита Өскенбаева біздің студиямен байланыста. Зорлық көретін балалар қаншалықты көбейді? Сіздердегі статистика қандай?

Маргарита Өскенбаева, Қазақстандағы тең құқық пен мүмкіндіктер институты қоғамдық қорының төрайымы:

Оны, мысалы, зерттеуімізді өткіздік. Осы 2016 жылы сонда 35 пайыз респонденттеріміз айтты. Иә, елімізде осы балаларға зорлық-зомбылық көрсету, әсіресе сондай қатты түрі, «педофилия»  дейміз ғой, өте көбейіп кеткен. Сонымен қатар 44 пайызы сұраған адамдардың айтып жатыр, өкінішке орай, осы заң тұрғыдан сол зорлық-зомбылықтың бетін алу үшін, шаралар қолданбайды немесе азаматтарымыз сол заңға сүйенбейді екен.  

- Баласы зорланған ата-аналар көбіне жағдайды жасырып қалғысы келеді. Осы дұрыс па?

Маргарита Өскенбаева, Қазақстандағы тең құқық пен мүмкіндіктер институты қоғамдық қорының төрайымы: 

Негізі қандай мәселе болса да, әсіресе балалармен байланысты, оны жасырын қалдыруға болмайды. Өйткені бірден шаралар қолдану керек. Өйткені балалардың психикасы сондай, ауытқу болады. Балалар өте сезімтал болады. Сондықтан да кейде өз пікірін немесе ойларын, толғандырғанын көбінесе жеткізе алмайды. Сондықтан ата-аналар өздері балаларынан сұрап, жағдайын біле тұра, күнделікті көреді ғой енді өз баласын үй жағдайында. Сонда сондай зерек болу керек. Сондықтан балаларға байланысты өте көп сұрақтар түседі өзімізге.

- Бала зорлық көргенде қайда бару керек, кімге шағымдану керек? Балаға қандай көмек көрсеткен дұрыс?

Маргарита Өскенбаева, Қазақстандағы тең құқық пен мүмкіндіктер институты қоғамдық қорының төрайымы:  

Балалар зорлық-зомбылыққа түскен кезде ондай жағдайға ұшыраған кезде, полиция дейміз ғой, ювеналды полиция бар қазір елімізде. Сол полицияға шағымданып, осы жағдайды айту керек. Елімізде осы былтырдан бері жақсы бір сенім телефоны балаларға арналған жұмыс істейді екен. Оның нөмірі -111. Осы 111 нөміріне ата-аналар, тағы балалар өз сұрақтарымен күні бойы 24 сағат хабарласуға болады екен. Сол телефон арқылы құқықтық жағынан, психологиялық жағынан кеңес алып тұруға болады екен.


Айгүл ЕРМАХАН