Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Алматыда жер телімдерін сатып алаяқтық жасаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

AstanaTV
04.05.2017ж. 20:00
2224
Алматыда жер телімдерін сатып алаяқтық жасаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Алматыда жер телімдерін сатып, айлакерлік жасаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыстық топ Наурызбай ауданындағы бұрын «Каменский» зауытына тиесілі болған жерлерді сатқан. Қазір ол аумақ «ТИМУС-construction» серіктестігінің иелігінде. Қылмыстық топ жер учаскелерін 72 адамға өткізіп, шамамен 500-600 мың доллар пайда тапқан. Топ мүшелері жерді сатпас бұрын, клиентін зауыттың бұрынғы қызметкері ретінде көрсетіп, жалған тізім жасаған. Сөйтіп олар өз үлестерін талап етіп жатыр деп көрсеткен. Тіпті жерді заңсыз басып алу жоспары болған.