Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Мемлекет басшысы «National Geographic» телеарнасына сұхбат берді

AstanaTV
04.05.2017ж. 20:00
2329
Мемлекет басшысы «National Geographic» телеарнасына сұхбат берді

«Астана ЕХРО-2017» көрмесі өткеннен кейін басты ғимараттарда халықаралық қаржы орталығы бой көтереді. Бұл туралы мемлекет басшысы «National Geographic» телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Ақорда таратқан ақпаратқа сай, Президент телеарна өкілдерімен кездесуі барысында қаланың қалыптасу тарихы, «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесін өткізудің өзектілігі туралы да сөз еткен. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ғылыми-инновациялық дамуы жолындағы ауқымды шара ретінде «ЕХРО-2017» көрмесінің маңыздылығын атап өтіп, «таза энергетика, «жасыл экономика» және ІТ саласындағы жаңа әзірлемелер мен технологиялар көрменің мұрасына айналатынын айтқан. Сұхбат «National Geographic» телеарнасының «Мегақұрылыстар: Астана. Болашақтың қаласы» деректі фильмін түсіруге дайындық жұмыстары аясында өткізіліп отыр. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біз басты ғимаратта халықаралық қаржы орталығы болады деп шештік. Сіздер көрген алып шар әлемдегі ең үлкен сфералық ғимарат болмақ. Бұнда 8 қабат бар, әр қабаты энергия көздерінің түрін көрсететін болады.