Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Астана қаласындағы бірқатар мекеме қызметкерлерінің жаңа жұмыс кестесі белгілі болды

AstanaTV
04.05.2017ж. 20:00
2796
Астана қаласындағы бірқатар мекеме қызметкерлерінің жаңа жұмыс кестесі белгілі болды

1 маусымнан бастап елордадағы бірқатар мекеме қызметкерлері жаңа уақыт кестесі бойынша жұмысқа барады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінде өткен баспасөз жиынында белгілі болды. Мектеп пен балабақшалардың қалыптасқан уақыттарына өзгеріс енгізілмейді. Бірақ басқа саланың мамандары жаңа режимге көшпек. Жауапты тараптың айтуынша, бұл шара алдымен жол кептелісін азайтады.

Абдыхамит Тамабаев, «Астана LRT» ЖШС жолаушылар көлігі бөлімінің маманы:

Құрылыс ұйымдары сағат жетіден, қаланың коммуналдық шаруашылық мекемелері 7:30-дан, мемлекеттік мекемелер 8:30-дан, ЖОО мен орта арнайы оқу орындары сағат 10:00-ден, ЦОН, қаржы мекемелері сағат оннан бастап, ұлттық компаниялар жұмысы сағат 9:30-дан бастау ұсынылған. 

Қазіргі таңда бас қаланың тұрғындарын 1025 автобус діттеген жеріне жеткізіп жүр. Бірақ, оның 250-нің техникалық жағдайы талапқа сай емес. Сондықтан ЭКСПО қарсаңында ескі көліктер жаңасына ауыстырылады.

Бекмырза Игенбердинов, Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасының басшысы:

Әкімшілік қосымша 423 автобус сатып алып жатыр. Мамыр айының соңына дейін техника біздің қолданысымызға беріледі. ЭКСПО алаңы арқылы қазір 11 маршрут өтеді. Халықаралық көрме басталғанда, қосымша 103 автобус қосылады. Осы арқылы автобус күту уақыты 5 минутты құрап, күніне осы бағытта 260 мың адам қатынай алады. Ал жол жүру ақысы 90 теңге болып қала береді.

Айбек ҚОСАН