Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Мектеп оқушыларының үй тапсырмасы қысқартылады

AstanaTV
04.05.2017ж. 20:00
2839
Мектеп оқушыларының үй тапсырмасы қысқартылады

Мектеп оқушыларының үй тапсырмасы қысқаратын болды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Министрлік үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықты бекіткен. Бірақ оның бүге-шүгесі айтылмады.

Ата-аналардан ұсыныстар жарты жыл бойы қабылданған. Үй тапсырмасын жеңілдету мәселесі мектептерде де талқыланыпты.  Ал ресми веб-сайттар арқылы ұсыныстарға дауыс беру жүргізілген. Білім және ғылым министрлігі таратқан хабарламада: "Біз Әдістемелік нұсқаулар оқушылардың оқу жүктемесін төмендететін, олардың өздік жұмысқа ынтасын және жалпы алғанда үлгерім сапасын арттыратын әрекетті құрал болады деп үміттенеміз", - делінген.