Алматы полициясы қаладағы ойын-сауық нысандарын тексеріп, 114 бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қаласының полиция қызметкерлері қарашаның 8-нен 9-на қараған түні темекі өнімдерін пайдалану бойынша бұзушылықтарды анықтау мақсатында ойын-сауық орындарында тексеру жүргізді.
«Тексеру нәтижесінде бірқатар бұзушылықтар анықталды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабы бойынша 114 хаттама толтырылды. 162 кальян тәркіленді», - делінген Алматы полициясының хабарламасында.