Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Астанада өтіп жатқан Сирия келіссөздері кезінде күтпеген жағдайлар болды

AstanaTV
04.05.2017ж. 20:00
5205
Астанада өтіп жатқан Сирия келіссөздері кезінде күтпеген жағдайлар болды

Астанада өтіп жатқан Сирия келіссөздері кезінде күтпеген жағдайлар болды. Оппозиция мүшелерінің бірі еліміздің Сыртқы істер министрінің сөзін бөліп, қарсылық білдірген күйі залдан шығып кетті. Жиналыс әлі жалғасып жатыр. Жиыннан тілшіміз телефон арқылы хабарлайды.

Мөлдір Бақыт-қызы, тілші:

Сирия оппозициясы өкілдері бүгін Астанада қабыланған шешімге қарсылық танытты. Тиісті құжатқа қол қою рәсімі кезінде екі адам Иранның гарант ел болуына ашық қарсылық білдіріп, залдан шығып кетті. Бұл уақытта еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов Сирия жерінде әскерді орналастыру бойынша мәлімдеме жасап жатқан-тын. Бір айта кетері, Сирия оппозициясының жетекшісі әрі «Джейш Әл-Ислам» ұйымының басшысы Мұхаммед Аллуш бүгін жиынға қатысқан жоқ. Тек мүшелері келді.  Еске салайық, бүгін Астанада тараптар төртінші мәрте бас қосты. Келесі кездесу Анкарада өтеді. Содан соң шілде айында Астанада қайта жалғасуы тиіс. 


Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ