$457.29 €490.35 ₽5.97
×

«Нұр Отан» партиясында міндетті медициналық сақтандыру мәселесі талқыланды

AstanaTV
04.05.2017ж. 20:00
1892
«Нұр Отан» партиясында міндетті медициналық сақтандыру мәселесі талқыланды

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне енудің басты талабы - тұрғылықты мекенжай бойынша емханаға тіркелу. Сондай-ақ, әр азаматтың өз статусын анықтап алуы. Осыған орай Павлодар өңірінде арнайы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қолға алынған.

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша құрылған комиссияның кезекті отырысында бұл мәселе жан-жақты талқыланды. Шараға денсаулық сақтау саласының мамандары, қоғамдық ұйым өкілдері, партия мүшелері мен депутаттар қатысты. Елімізде биылғы жылдың 1 шілдесінен медициналық сақтандыру жүйесі жұмыс істей бастайды. Жұмыс берушілер аталған қорға қарамағындағы әр жұмысшы еңбекақысының 1 пайызын төлейтін болады. Бұл жеке кәсіпкерлерге де қатысты. Олардың аударатын жарнасы ең төменгі жалақы мөлшерінің 5 пайызы деп белгіленген. Айта кетері, әлеуметтік санатқа жататын 15 топқа жарнаны үкімет төлемек. Олар - балалар, көп балалы аналар, әскери қызметкерлер, студенттер, мүмкіндігі шектеулі жандар және зейнеткерлер. Адамның өміріне тікелей байланысты болғандықтан, медициналық сақтандыру жүйесінің маңыздылығын әр тұрғынға жеткізу - басты міндет. Сондықтан жергілікті жерлерде түсіндіру шаралары күшейтіле түскен.

Жұлдыз Тәйкебаева, «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

Отырыста денсаулық саласындағы ең маңызды сұрақтар қарастырылды. Біріншіден, ол - міндетті медициналық сақтандыру және сандық сервистерді енгізу. Бұл денсаулық сақтау саласының маңызды мәселесі болғандықтан, бұл сұрақтар «Нұр Отан» партиясының тікелей бақылауында болады. 


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах