$522.49 €547.88 ₽5.06
×

Жүк тиеушінің кінәсі: Түркиядан Қазақстанға ұшып келген Юки мысығы Астана әуежайында жоғалып кетті

AstanaTV
13.11.2024ж. 08:00
140
Жүк тиеушінің кінәсі: Түркиядан Қазақстанға ұшып келген Юки мысығы Астана әуежайында жоғалып кетті

Түркиядан Қазақстанға ұшып келген Юки мысығы жүк тиеушінің кінәсінен Астана әуежайында жоғалып кеткен. Атбасар тұрғыны бір айдан астам уақыт бойы мысығын таба алмай жүр. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мысық Ыстамбұлдан келген ұшақтан түсіріп жатқанда Астана әуежайында адасып қалған. Әуе компаниясының ережелеріне сәйкес, мысық жүк бөлімінде ұшып келген.

"Бортсерік жүк тиеушінің жануар тасымалдайтын торды қолынан құлатып алғанын, мысықтың қашып кеткенін көрген. Мен еріктілерді жинап, көп рет полицияға бардым. Олар кешірім сұрап, басқа мысықты ұсынды. Мен олардан өз мысығымды тауып берулерін сұрадым. Отбасымыз бар, арыз жазбаңдар дейді. Ол да біздің баламыз сияқты. Басқа жерде өмір сүре алмайды”, – дейді Екатерина Барлас.

Ғалымдар мысықтардың иелеріне тигізетін пайдасы туралы айтты

Юкидің отбасы Түркиядан Қазақстанға көшіп келген. Үй жануары 4 қазанда жоғалған. Содан бері ол табылмаған. Астана әуежайы мысықты қадағаламаған бірнеше қызметкер жазаға тартылғанын хабарлады.

"Бұл оқиғаны тексеру барысында бейнебақылау камераларының барлық жазбалары мұқият қаралды, бірақ мысық табылмады. Жұмыстан тыс уақытта әуежай қызметкерлері Юкиді іздеуге белсене атсалысты. Сондай-ақ қызметтік тексеру жүргізу үшін комиссия құрылып, оның нәтижесінде платформа тиегіштер бөлімшесінің екі қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды”, – деп мәлімдеді әуежай қызметкерлері.