$522.49 €547.88 ₽5.06
×

Ақтөбеде танысын бопсалаған күдікті ақша алып жатқан жерінен ұсталды

AstanaTV
13.11.2024ж. 09:07
163
Ақтөбеде танысын бопсалаған күдікті ақша алып жатқан жерінен ұсталды

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының тұрғыны танысын бопсалап, одан 5 млн теңге алмақ болды. Видеоны таратып жіберемін деп қорқытқан күдікті 3 млн теңгені алып жатқан жерінен ұсталды.

Ақтөбе облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалап, ақша талап еткен күдіктіні ұстады. Ол танысының ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретән видео таратып жіберетінін айтып, қорқытқан.

— Жедел іс-шараларды өткізу барысында Хромтау қаласының тұрғынын ұстады. ​Күдікті ар-намыс пен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді тарататынын айтып қорқытып, жергілікті тұрғыннан 5 млн теңге бопсалаған. Ол жәбірленушіден 3 млн теңге алып жатқан кезде қолға түсті. Ұсталған азаматтан полицейлер қолма-қол ақша мен ұялы телефонды тәркіледі.​ Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Видеоға нақты не түсірілгені белгісіз. Бір анығы, бопсалаған күдікті мен жәбірленуші бір-бірін таниды. Екеуі де ер адам.

Бұл туралы Қазақпарат жазады.