Қатты желден Оңтүстік Қазақстан облысына да біршама шығын келді. Өңірде әлеуметтік мекемелердің шатырын жел ұшырып кетті. Темірлан елді мекеніндегі Мәдениет үйінің 500 шаршы метр шатырын дауыл жұлып түсті. Бәйдібек ауданы мен Арыс қаласындағы қос мектептің де жабынына зақым келді.
Секундына 21 метрге жеткен желден Шымкентте отыздан астам ағаш-бұталар сынып, жолды жауып қалған. Екпіні күшті жел электр желілері мен байланыс сымдарын үзіп, бағдаршамдар да істен шықты.
Батырғали Сопбеков, ОҚО ТЖД бастығының орынбасары:
Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда орын алған жерлердің бәрінде құрылған комиссиямен зерттеу жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Келтірілген шығынды анықтауда.
Ал Солтүстік Қазақстан облысының Қиялы ауылында дауылмен қоса бұршақ жауды. Ақұлпаның көп түскені сонша, қайтадан қыс келгендей әсер қалдырған. Ал бұршақтың көлемі жаңғақ тәрізді ірі болған.
Марат Байқанов, СҚО Аққайың ауданы қиялы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы:
15
минуттай бұршақ жауды. Бұл бізге таңсық емес. Бірақ, мұндай көлемде жауғанын
мен бірінші рет көрдім. Ал ауыл ақсақалдары соңғы рет ірі бұршақтың 30-40 жыл
бұрын жауғанын айтады.