$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Украиналық кардиологтар ШҚО ауруханасында бірнеше ота жасады

AstanaTV
30.05.2017ж. 20:00
2305
Украиналық кардиологтар ШҚО ауруханасында бірнеше ота жасады

Белгілі украин кардиохирургы Илья Емец өскемендік дәрігерлермен бірге аса күрделі бірнеше операция жасады. Жүрек талмасы дертіне шалдыққан бұл науқастар ажал аузында тұрған еді. Олар ота жасалғасын ауруынан айығып, қалыпты жағдайда өмір сүре алады, дейді дәрігерлер. Бұған дейін хирургтердің Еуропалық қауымдастығының мүшесі қазақстандық әріптестеріне арнап шеберлік сағатын өткізген еді. Бұл іске «Нұр Отан» партиясы ұйтқы болыпты.

Партия хатшысы Зауытбек Тұрысбеков атап өткендей, украиндық мамандардың сапары екі ел дәрігерлерінің өзара байланысын нығайта түспек. Бұл жолы Өскеменге кардиологтар тобы келді. Соңғы төрт жылда медицина ғылымдарының докторы Илья Емец Киевте туғаннан жүрек ауруына шалдыққан қырықтан астам қазақстандық балаға ота жасаған екен.

Зауытбек Тұрысбеков, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Украинада бұл іс оң жолға қойылған. Тәжірибесі де жоғарыОлар туғанына бір күн болған сәбилерге де ота жасай береді. Жатырда жатқан шарананың қандай ауруға тап болғанын анықтай алады. Егер балаға үш күн ішінде ота жасалса, олар дені сау азаматтардың қатарына қосылады. Сондықтан арадағы байланысты нығайтып, орталық ашсақ, бұл істің пайдасы ұшан-теңіз болмақ.

Илья Емец, кардиохирург (Украина):

Өскемендік әріптестеріммен танысып-біліскеніме қуаныштымын. Олар өз істерін жоғары деңгейде атқарады. Сондықтан кардиология мен кардиохирургия саласында үлкен жетістікке жетті. Бұл жолғы сапарымда реанимация меңгерушісі мен перфузиолог және кардиология ісінің меңгеруішісін ала келдім. Осылайша, сіздің мамандармен бірге ауыр науқастарға жоғары деңгейде көмек көрсете аламыз.