Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Үш күн бойы жоғалған ұлын іздемеген павлодарлық әйелдің балаларымен қарым-қатынас жасауына шектеу қойылды

AstanaTV
30.05.2017ж. 20:00
2253
Үш күн бойы жоғалған ұлын іздемеген павлодарлық әйелдің балаларымен қарым-қатынас жасауына шектеу қойылды

Үш тәулік бойы жоғалған ұлына іздеу салмаған керекулік әйелге қатысты соттың шешімі шықты. Павлодар облыстық жасөспірімдер ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Ольга Густокашинаға алты айға дейін екі баласымен байланыс орнатуына шектеу қойды. Бірақ айыпталушы сот залында тосын мәлімдеме жасады. Әріптесім Әсемгүл Мұхитқызы толығырақ.

Әсемгүл Мұхитқызытілші:

Керекуде елдің жағасын ұстатқан оқиғаға бір отырыста ғана нүкте қойылды. Жоғалып кеткен 4 жасар ұлын үш тәулік бойы іздемеді деп айыпталған Ольга Густокашинаны аналық құқығынан айыруға қатысты сот болды.

Тілшілермен тілдесуден бас тарқан 42 жастағы әйел сот залында тосын ақпаратты жайып салды. Айтуынша, 4 жасар ұлы, бұған дейін хабарланғандай, сәуірдің 16-сында емес, 18-нде жоғалып, 19-ы табылған. Яғни баласы, ары кетсе, бір күндей жоқ болған. Ал үш тәулік бойы айдалада жалғыз қалды деген - жалған ақпарат,-деді.

Ольга Густокашина:

Тәртіп сақшылары тарапынан маған және азаматтық некедегі жолдасыма моральдік-физикалық тұрғыда қысым жасалды. Мына жерге қол қойыңдар, былай деп айтыңдар дегендей. Басымызға азық-түлікке арналған пакеттер кигізілді. Тұншықтырды. Сондықтан амалсыз осылай жасадық.

Тергеу материалдарына сәйкес, Ольга Густокашина бұған дейін де полицейлердің назарына ілккен. 2013 жылы ішімдікке салынғаны үшін әйел жарты жылға аналық құқынан айырылған. Қазір де оның тұрақты жұмысы жоқ. Тұратын үй-жайын жайлы деп айту қиын,-дейді қамқоршылық органы өкілдері. Отбасы саяжайдағы екі бөлмелі шағын баспананы паналап отыр. Дегенмен, болған жайтқа өкініш білдірді.

Это недосмотр, да. Но прошу суд как-то смягчить, хотя бы на временное лишение, но не полностью. Я без них не могу жить.

Марат Дәйкенов, жасөспірімдер ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы:

1975 жылы туған Павлодар облысының тумасы, ұлты неміс, ҚР азаматы Густокашина Ольга Владимировнаны 2013 жылы туған Шкребец Артур және 2001 жылы туған Густокашина Ангелинаға қатысты аналық құқығына шектеу қою туралы шешім қабылдады. Балалар Павлодар қалалық білім бөлімінің қамқорлығына алынсын. 

Оқиға биыл сәуірдің ортасында болған. Баланың айтуынша, ойнап жүріп терең ұраға құлап кеткен. Өз еркімен шыға алмаған ол үш тәуліктей сонда отырған.

Әсемгүл Мұхитқызы, тілші:

Артуды табылған соң 10 күндей ауруханада жатып, ем қабылдады. Қазір арнайы мекемеде. Ал, аналық құқығына шектеу қойылған Ольга Густокашинаға судья жарты жылдан соң сотқа қайта арыз түсіре алатынын ескертті. 

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ