$493.85 €519.04 ₽4.97
×

Қазақстан мен Қатар бір-бірінің әскери полигондарын пайдаланады

14.11.2024ж. 20:00
137
Қазақстан мен Қатар бір-бірінің әскери полигондарын пайдаланады

Қазақстан мен Қатар енді әуе кеңістігі мен бір-бірінің әскери полигондарын пайдалана алады. Сенат заң жобасын мақұлдады. Құжатта әскери білім беру және әскери қызметшілерді даярлау, әскери медицина, әскери ғылым, мәдени және спорттық іс-шаралар, бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларға, жауынгерлік даярлыққа және өзге де салаларға байланысты ынтымақтастық көзделген. Келісім 5 жыл мерзімге жасалды. Егер осы мерзім аяқталғанға дейін тараптар алты айдан кешіктірмей келісімнің қолданысын тоқтату туралы хабардар етпесе, уағдаластық келесі бес жылға автоматты түрде ұзартылады. 

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл шаралар екі елдің қауіпсіздігін нығайтуға бағытталып отыр. Мақұлданған заң алдағы уақытта мемлекеттеріміз арасындағы серіктестікті нығайтуға және аумақтарымыздың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді деп сенеміз.