Мәжіліске
үш партия мен Ассамблея атынан сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды.
Саяси ұйымдар партия тізімдері бойынша мандаттарды өзара бекіткен соң, Орталық
сайлау комиссиясында алтыншы шақырылым депутаттарына қызметтік куәлік пен
төсбелгілер тапсырылды.
Бұл шараға Парламент Мәжілісінің 107 депутаты
түгел жиналған. Саяси дода артта қалған соң, залға жиналғандар достық
көңіл-күйге көшкен. Тіпті көптен бері көріспеген бір үйдің балаларындай
қауқылдасып, амандық-саулық сұрасып жатты. Сайлауалды науқанда саяси қарсылас
болған түрлі партияның мүшелері біріне
бірі тілеулестік танытып, іштей уайымдаған көрінеді.
"Бірліктің
мұндай үлгісі алтыншы шақырылымның жұмысына оң әсер етері сөзсіз". Соңғы
шақырылымдағы Мәжіліс депутаты атанған Бақытбек Смағұл бұған сенімді. Депутат жаңадан жасақталған құрамда елдің сөзін айтатын азаматтардың көптігін
жасырмайды.
Бахытбек
Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің
депутаты:
Тек
қана қосылған емес, көшті бастайтын да азаматтар бар. Өйткені біздің өзіміздің
ар-иманымыз жалаңаштанып, ұлттық рухымыз кедейленіп тұрған кезде, соны
пайымдайтын, соны салмақтайтын азаматтар келіп отыр. Бірлесіп көтерген жүк
жеңіл ғой, сондықтан бұл жүк те жеңілдік танытпайды, десек те ондай атпал
азаматтардың болғаны, тәжірибелі елдің алдында беделді азаматтардың болғаны
абзал деп ойлаймын.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ