Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Тобыл өңірі қар құрсауында қалды

AstanaTV
21.03.2016ж. 20:00
1088
Тобыл өңірі қар құрсауында қалды

Табиғаттың тосын мінезі Тобыл өңірінің тұрғындарын тағы әбігерге салды. Қарлы боранның салдарынан облыс көлеміндегі тас жолдар жабылып, құтқарушылар мен коммуналдық қызмет өкілдері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті.

Көшелерді қардан тазартуға қаладағы 4 кәсіпорынның 80-ге жуық техникасы мен 125 адам жұмылдырылған. Арнайы техникалардың басым бөлігі облыс орталығындағы киіз үйлер тігілген алаңды тазартуға тартылды. Өйткені осы жерде ертең Наурыз мерекесіне арналған мәдени шара өтпек. Ал аймақтың жол сақшылары тұрғындарға алыс жолға шықпауға кеңес береді. Әзірге облыс төңірегінде төтенше жағдайға тап болып, зардап шеккендер туралы деректер тіркелмеген.

Заңғар САНАЙ