Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Сирия мәселесіне қатысты Астана-4 келіссөзін
қолдайды. Бұл туралы британ үкіметі басшысының ресми өкіліне сілтеме жасап, РИА-Новости хабарлады. Мэй
кепіл-елдермен өткен кездесуге қатысты көзқарасын Түрік президенті Ердоғанмен телефон арқылы болған әңгімесінде
айтқан. Ол
келіссөздердің Қазақстанда өтуі маңызды деп санайды.
Айта кетейік, Астана келіссөздері кезінде кепіл-елдер
арасында Сириядағы текетіресті төмендететін төрт аумақ құру туралы меморандум
қабылданды. Құжатқа сәйкес, мамырдың 6-сынан бастап елде әскери белсенділікке
тыйым салынды. Бүгін АҚШ-тың Сирияға қарсы санкциясының тағы бір жылға
ұзартылғаны белгілі болды. Ұлттық қауіпсіздік, сыртқы саясат пен экономикаға
төнетін қауіп-қатерге жауап ретінде Құрама Штаттары 2004 жылы санкция енгізу
туралы шешім қабылдаған.