$497.89 €525.12 ₽5
×

2050 жылы Астанада халық саны 3,5 млн адамға жетеді

AstanaTV
19.11.2024ж. 17:17
87
2050 жылы Астанада халық саны 3,5 млн адамға жетеді

Астана көші-қон сальдосы бойынша еліміздің басқа қалалары мен өңірлерімен салыстырғанда бірінші орында тұр. Бұл туралы «Жаңа бастамалар альянсы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Сабыржан Сейтжанов айтты, деп хабарлайды KAZINFORM.

«Астана — көші-қон сальдосы бойынша еліміздің басқа қалалары мен өңірлерімен салыстырғанда бірінші орында. Тұрақты тұру мақсатында адамдардың көшіп келуі бойынша екінші орында Алматы тұр. Елордада 2024 жылғы 9 айда көші-қон сальдосы 54 мыңнан астам адамды құрады (өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 36 мың адамды құраған). Оның 1600-і — сырттан көшіп келгендер, ал 52 мыңнан астамы ішкі көші-қон үлесіне жатады. 2024 жылғы 1 қазандағы дерек бойынша, Астана тұрғындарының саны 1,5 млн-нан астам адамды құрайды. «Еңбек ресурстарын дамыту» АҚ сарапшыларының айтуынша, 5 жылдан кейін елорда тұрғындарының саны 36 пайызға артып, 1,9 млн адамға жетеді. Ал 2050 жылы 3,5 млн адам өзін Астана тұрғыны деп санайтын болады», — деді ол «Астана және көші-қон: даму және тұрақтылық векторы» атты қоғамдық тыңдауда.

Сондай-ақ, ол алдағы жылдары елорда тұрғындарының саны қандай прогреспен өсетінін атап өтті.

«Еңбек ресурстарын дамыту» АҚ сарапшылары қаланың демографиялық даму сценарийін де жасап шықты. Бұл болжамның ерекшелігі сол, ол қазірдің өзінде 25 жылдан кейін бас қалада тұратын мигранттар мен олардан тараған ұрпақтың үлесін көрсетіп бере алады. Осы болжамға сенсек, 2050 жылы елорда тұрғындарының 47 пайызын көшіп келушілер құрайтын болады», — деді Сабыржан Жарылқағанұлы.

Спикердің айтуынша, реттелмейтін көші-қон криминогендік ахуалды күрделендіре түседі. Мигранттар санының өсуімен бірге қылмыстық және әкімшілік заң бұзушылықтар көрсеткіші де өспек. Осы себепті болашақта қиын жағдайда қалмас үшін тиісті шараларды қазірден қолға алу керек.