$497.26 €525.21 ₽4.97
×

Газа секторында мерт болған адамдар саны 44 мыңнан асты

AstanaTV
19.11.2024ж. 23:29
77
Газа секторында мерт болған адамдар саны 44 мыңнан асты

 Израильдің 2023 жылғы 7 қарашада жасаған соққысынан бері Газа секторында қаза тапқандардың саны 44 630 адамға жеткен, оның ішінде 16 765 бала бар. Бұл туралы Палестина үкіметі мәлім етті, деп хабарлайды KAZINFORM

aljazeera.com-ға сілтеме жасап.

Палестина денсаулық сақтау министрлігінің 17 қарашада берген ақпаратына сәйкес басып алынған Батыс жағалаудағы соңғы мәліметтер келесідей:

Қаза тапқандар кемінде 784 адам, оның ішінде 167 бала

Жарақат алған адамдар саны 6 250-ден астам.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және Палестина үкіметінің 10 қарашадағы соңғы мәліметтеріне сәйкес, Израиль шабуылдарынан зардап шекті:

коммерциялық нысандардың 80 пайызы

мектеп ғимараттарының 87 пайызы

денсаулық сақтау мекемелері - 36 аурухананың 17-сі жартылай жұмыс істейді

жол желілерінің 68 пайызы

егіннің 68 пайызы.

2023 жылдың 7 қарашасынан бері Газада әр сағат сайын 15 адам қаза тапты, 35 адам жарақат алды, 42 бомба тасталды, 12 ғимарат қирады.