Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Міндетті медициналық сақтандыру қорын құруға сырттан қарыз алынады

AstanaTV
11.05.2017ж. 20:00
2343
Міндетті медициналық сақтандыру қорын құруға сырттан қарыз алынады

Денсаулық сақтау министрлігі Халықаралық қайта құру және даму банкінен 80 млн доллар қарыз алмақ. Құжатты бүгін Сенат ратификациялады.

Мемлекет кепілдігімен алынатын қаражат Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорын құруға жұмсалады. Үстемақысы 2,03 пайыз. Бастапқы 5 жылда төлем жүргізілмейді. Келісім бойынша одан әрі қарайғы 15 жылдың ішінде 80 млн-ға қосымша 11 млн доллар қосып қайтарылуы қажет. Бұл қомақты қаржы заманауи медициналық қондырғылар сатып алуға, мамандарды оқытып, шет елдік және отандық кеңесшілерді жалдауға жұмсалмақ. Қызметтер мен тауарлар мемлекеттік сатып алу арқылы игеріледі.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Заемның 80 пайызы екі бағытта игеріледі. Тауар сатып алуға 9 пайыз және мамандарды оқытуға 10 пайызы. Отандық және шет елдік сарапшыларды тартуға да қаралған. 12 пайызы медициналық білім беруді дамытуға кетеді.  

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ