$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Qazaq Air» жолаушылары рейсті 16 сағат бойы күтті

AstanaTV
11.05.2017ж. 20:00
2359
«Qazaq Air» жолаушылары рейсті 16 сағат бойы күтті

Астанадан Алматыға ұшатын рейс 16 сағатқа кідірген. Төзімі таусылған жолаушылар біздің арнаға хабарласып, шағымын жеткізді. Әуежайдағы жағдайды ұялы телефонға түсіріп жіберген.

Вот я со вчерашнего дня не могу вылететь. Вот билет, видите? Пять раз отменяли рейс.

Жолаушылардың айтуынша, "Қазақ эйр" компаниясына тиесілі ұшақ 10 мамыр күні кешкі сағат 10-да әуеге көтерілуі тиіс болған. Алайда, Астанадан Алматыға бағыт алған 40 шақты адам 16 сағаттан соң бір-ақ ұшады. "Қазақ эйр" басқа компанияның қызметіне жүгінуді ұсынған.

Жұлдыз Әбдіхалықова, жолаушы:

Кеше телефон соққан да жоқ. Тек рейс кешігеді деп хабарлама жолдады. Себебін түсіндірмеді. Жолаушылар орналасатын орын да берген жоқ. 8 адамды ғана әуежайға орналастырды, таңғы ас берді. Басқаларына хабарласқан жоқ. Себебін сол күйі айтпады.

«Қазақ Эйр» компаниясының өкілі, рейстің кешігуіне ұшақтан ақау шығуы себеп болды, дейді. Әуетасымалдаушының мәліметінше, Bombardier Q400 NextGen лайнері Алматыдан ұшып шыға алмаған. Бортта 74 жолаушы болған. Ұшу жолағында техникалық ақау туралы белгі берілген соң, кері қайтқан.

Сергей Хецуриани, «QAZAQ AIR» әуе компаниясының қоғаммен байланыс директоры:

Қауіпсіздікті сақтаудың халықаралық ережелеріне сәйкес ұшуды тоқтату туралы шешім жасалды. Қазір әуе компаниясы ұшақты техникалық тексеруден өткізіп, себебін анықтап жатыр.  IQ351 рейсінің жолаушыларына келсек, оларға балама ұсыныс жасалды. Ұшуды жалғастыру немесе билет құнын толық қайтару бойынша.