Google компаниясының техникалық директоры, белгілі технологиялық футуролог Рэймонд Курцвейл тағы да болжамдарын жариялаған. Жасанды интеллект саласындағы негізгі зерттеушілердің бірі болжамды тоқсаныншы жылдардан бері жасайды. Көбісі академиялық болып шықты деп жазды, Форбс.кз порталы. Рэймонд Курцвейлдің кейбір байламына орай Назарбаев университетінің «Компьютерлік ғылымдар» департаментінің ассистент-профессоры Мартин Лукачтан комментарий алғанбыз, тыңдайық:
Сұрақтар мен жауаптар:
1. 2028-ші жыл. Күн энергиясының қолжетімді болатыны соншалық, адамзаттың энергияға сұранысын толығымен қанағаттандырады.
Мен Гугл компаниясының футурологы Рэймонд Курцвейлдің еңбектерімен жақсы таныспын. Оның бұл жолы жасаған мәлімдемесі 25-45 пайыз аралығында шындыққа жақын деп айта аламын. Ал қалғаны ақиқаттан алыстау сияқты. Мысалға алдағы жылдары энергияның жеткілікті болатынына күмәнім жоқ. Тек ол кезге қарай біздің инфроқұрылымдар мен логистика осынша энергияны жұмсауға, оны энергия қажет ететін нүктелерге жекізіп бере алады дегенге күмәнмен қараймын.
2. 2036-шы жыл. Биологияны терең зерттеудің арқасында адам клеткаларын аса ауыр дерттерден емдеу мақсатында программалап тастауға мүмкіндік туады. Ал, 3D принтерлер арқылы жаңа тканьдар мен органдар басып шығаруымыз мүмкін.
Тканьдерді басып шығаратын 3D принтер қалыптасуы мүмкін, бірақ дене клеткаларын бағдарламалап, бұғаттау арқылы ауруды емдеу қазірдің өзінде қолға алынған. Біз белгілі бір клеткаларды алып, белгілі бір ауруларды емдеуге мүмкіндігіміз бар. Қазір тіпті қатерлі ісік сынды ауруларды емдеп шығаруға мүмкіндік бар. Болашақта одан да қатерлі дерттерді емдей алатынымызға сенемін.
3. 2037 - ші жыл. Адам миының құпиялары ашыла түседі. Соның арқасында мидың жаңа, бұрын болмаған қызметтері ашылады. Олардың кейбір нейрон жүйелерін тіпті компьютерге де жалғауға мүмкіндік туады.
Біз ми жүйесін зерттеп, бірсыпыра ақпараттарды біле алдық. Оған ақпарат қалай келетіні, қалай сақталатыны барлығы мәлім, бұл күнде. Дегенмен нейрондардың жұмысын танып білу - біз үшін аса маңызды. Білетініміз аз емес әрине, уақыт өте келе біз тағы да көптеген ақпараттарды біле алатын боламыз. Сондықтан бұл баяндамасы да жартылай орындалады деп айтуға негіз бар.
4. 2043-ші жыл. Адам денесі көптеген нанороботтардың арқасында кез-келген формаға ене алатын болады. Ал, ішкі органды әлдеқайда мықты кибернетикалық құрылғылар алмастырады.
«Адам денесі кез-келген кейіпке ене алады» дегені шындыққа жанаса қоймайды. Себебі қазірдің өзінде адам ағзасын қалыптастыратын көптеген технологиялар бар. 2043-ші жылға қарай нанороботтардың көмегіне жүгінбей-ақ, қазіргі технологияларды дамыта бергеніміз тиімдірек болатын сыңайлы. Мысалға қазірдің өзінде бізде көздің көру қабілетін жақсартып, есту қабілетін арттыратын мүмкіндіктер бар. Айтылған жылдарға қарай біз тағы да көптеген жаңалықтар аша алуымыз мүмкін.
5. 2045 ші жыл. Технологиялық дәуірдің тұтастай қалыптасуы. Жер шары біртұтас алып компьютерге айналады.
Бұл Рэймонд Курцвейлдің ең белгілі баяндамаларының бірі. Мұның жартысынан көбі қазірдің өзінде ақиқатқа айналған. Компьютердің дамығаны соншалық, компьютер кей ойындарды адамдардан артық ойнайды. Мысалы, компьютермен шахмат ойнап, ұтылып қалуыңыз мүмкін. Немесе Тесла, Гугл көліктері өзін-өзі басқаруының арқасында тіпті адамдардан жақсы жүреді. Технологиялар дамып, біз олардың көмегіне жүгіну арқылы көп жеңілдікке қол жеткіздік. GPS навигаторлардың тіршіліктің айнымас қажеттілігіне айналуы тәріздес мысалдардың барлығы компьютердің артық болатынының дәлелі.
Курцвейл адамдарды интеллектуалды ойынға
шақыратындай. Жаңа технологиялардың ағыны қатты, тіпті алдағы 10 жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс,
демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді,
- дегенді бәрі айтады.
Ал біз...
мысалы, коррупциямен «қызық» күресіп, кредитке кесене орнатып, кредитке той
өткізіп, өзімізбен-өзіміз мәзбіз...