"Қазгидромет" синоптиктері 26-28 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктер алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауқымды антициклон болатынын мәлімдеді. Соның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Тек еліміздің батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстіктің таулы аймақтарында жауын-шашын, көктайғақ болады.
28 қараша күні күндіз еліміздің солтүстігінде және орталығында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуі әсерінен жауын-шашын болжануда.
Республика бойынша тұман болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қазақстанның оңтүстігінде жел екпіні 23-28 м/с дейін болады.
Температуралық фонда күрт өзгерістер болмайды.