$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Оралда міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру бағдарламасы талқыланды

AstanaTV
12.05.2017ж. 20:00
1790
Оралда міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру бағдарламасы талқыланды

Әр адам өз денсаулығына өзі жауапты. Оралда «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру бағдарламасы талқыланды. Басқосу «БатысЭнергоресурс» ұжымында өткізілді.

Жаңа жүйе шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Әуелі жұмысберуші қызметкерлері үшін жарна төлесе, 2019 жылдан бастап жұмысшылар өз саулығы үшін өздері жарна төлейді. Міндетті төлем көлемі біртіндеп көбейіп отырады. Бұл жүйе дамыған елдердің көбісінде оң нәтиже беріп отыр. Сондықтан денсаулық сақтау саласындағы тың жүйенің келешегі кемел, - дейді жиналғандар.

Ерлан Тоқсанов, "Нұр Отан" партиясы сайлауалды бағдарламасының "Денсаулық" бағыты бойынша аймақтық кураторы:

Поликлиника, стационарлар арасында бәсеке басталады. Здоровая конкуренция дейді ғой. Олар өздерінің қызмет көрсету деңгейлерін одан әрі жақсартады деп есептеймін.