Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Жаңа оқу жылы Астанада 12 қыркүйекте басталуы мүмкін

AstanaTV
12.05.2017ж. 20:00
2059
Жаңа оқу жылы Астанада 12 қыркүйекте басталуы мүмкін

Астанада жаңа оқу жылы 12 қыркүйекте басталуы мүмкін. Бұл ЕХРО-2017 көрмесіне байланысты орын алады деген болжам бар. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі  мәлімдеді. Оның сөзінше, шахар әкімдігі білім басқармасына осындай өтініш жасаған. Баспасөз жиыны барысында ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жайы сөз болды.

Биыл 130 мыңға жуық түлек мектеп бітіреді, оның 97 мыңдайы тестілеуге қатысуға өтініш білдірген. Биыл мемлекеттік грант санын 40 мыңға дейін жеткізу көзделіп отыр. Басым көбі педагогикалық және инженерлік мамандықтарға бағытталған. 40 мың сұрақ қазақша даярланса, осынша көлемдегі сұрақ орыс тілінде. Ал, 287 сұрақ қате болғандықтан, алынып тасталған. ЖОО түсуге мүмкіндік беретін  мөлшер 50 балл көлемінде сақталды. Тестілеу 20-шы маусым мен 1-ші шілде аралығында өтеді.