Астанада
жаңа оқу жылы 12 қыркүйекте басталуы мүмкін. Бұл ЕХРО-2017 көрмесіне
байланысты орын алады деген болжам бар. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі мәлімдеді. Оның сөзінше, шахар әкімдігі білім
басқармасына осындай өтініш жасаған. Баспасөз жиыны барысында ұлттық бірыңғай
тестілеуге дайындық жайы сөз болды.
Биыл
130 мыңға жуық түлек мектеп бітіреді, оның 97 мыңдайы тестілеуге қатысуға
өтініш білдірген. Биыл мемлекеттік грант санын 40 мыңға дейін жеткізу көзделіп
отыр. Басым көбі педагогикалық және инженерлік мамандықтарға бағытталған. 40 мың
сұрақ қазақша даярланса, осынша көлемдегі сұрақ орыс тілінде. Ал, 287 сұрақ
қате болғандықтан, алынып тасталған. ЖОО түсуге мүмкіндік беретін мөлшер 50 балл көлемінде сақталды. Тестілеу
20-шы маусым мен 1-ші шілде аралығында өтеді.