Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«100 жаңа тұлға» жобасына байланысты ұсыныстар 5 маусымға дейін қабылданады

AstanaTV
12.05.2017ж. 20:00
3453
«100 жаңа тұлға» жобасына байланысты ұсыныстар 5 маусымға дейін қабылданады

Қазақстанның 100 жаңа тұлғасын таңдау бойынша шаралар жоспары 26 мамырға дейін қабылданады. Бұл туралы жобаны жүзеге асыру бойынша құрылған жұмыс тобының отырысында Қазақстан xалқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Дарxан Мыңбай мәлім етті.

Дарxан Мыңбай, ҚХА төрағасының орынбасары:

Елге елеулі тұлғаларды іздестіру бойынша бағытымыз қалай болады, қандай ақпарат көздері қолданылады деген мәселелерді бірге талқылағымыз келеді. Бұл өте маңызды, себебі қоғамда бұл тек әкімшілік тәсілмен шешіледі деген пікір бар. Біз лайықты азаматтарды іздеуде қоғамдық ақпарат көздерін де тартуымыз керек. Үміткерлерді іріктеу барысында барлық аймақтар қамтылуы тиіс. 

Жаңа жобаға қатысты ұсыныстар мен ескертулер 5 маусымға дейін қабылданады. Жиында сөз алған Сенат депутаты Дархан Қалетаев үздіктер қатарына стандартты түрде тек белгілі азаматтарды қоспауды ескертті. Ел ішінде жарқын ісімен көпке үлгі болар адамдар жеткілікті,-дейді ол.

Дархан Қалетаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Қазақстандықтардың ішінде көпке жария етпей-ақ, іс тындырып жүрген азаматтар бар. Көз үйренген таптаулы жолмен жүре бермей, нақты өз күшімен жетістікке жеткендерді жария етуіміз керек.

Айбек ҚОСАН