Қазақ тіліне аударылған мультфильмдер саны көбейіп келеді. Бұған дейін «Ойжұмбақты» мемлекеттік тілде көрген көрермен енді «Моана 2» анимациялық фильмін де қазақ тілінде тамашалайды. Тынық мұхиты аралындағы шытырман оқиғаны көрсететін туындыны елдегі кәсіпкерлер емес, Дисней компаниясының өзі өз қаражатына аударған. Бұған «Қазақ тілі» қоғамы ұйытқы болды. Дубляж режиссері – Шах-Мұрат Ордабаев. Музыкалық жетекші – Анель Сіргебаева.
САЯСАТ НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:
Балалар кітап оқымайды қазір. Жалпы оқу мәдениеті әлсіреп кетті. Не қарайды? Осындай киноларды қарайды. Өздеріңіз көріп отырғандай бізде кинематографияда жақсы серпіліс бар. Мықты режиссерлар, кинолар шығып жатыр. Өздеріңіз көргендей біздің кинотеатрларымыз қазір толық.
РАУАН КЕНЖЕХАНҰЛЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Бұл біз үшін үлкен жеңіс. Биылғы жылы «Ойжұмбақ 2» шықты, жақында «Веном 2» қазақша шықты, бүгін, міне, «Моана 2» таныстырылды, желтоқсан айында «Муфаса. Арыстан патша» шығады. Келесі жылдың басында «Ақшақар шығады».