$510.08 €539.61 ₽5.15
×

Шымкентте "AMANAT" партиясының мобильді қоғамдық қабылдауы өтті

Шымкентте "AMANAT" партиясының мобильді қоғамдық қабылдауы өтті

Шымкент қаласындағы Сайрам тұрғын алабында «AMANAT» партиясының мобильді қабылдауы өтті. Тұрғындар өздерінің түйіткілді мәселелері мен арыз-шағымдарын жеткізіп, сала мамандарынан нақты жауаптар алды. Қабылдауға 20-дан астам азамат келді. Басым бөлігі инфрақұрылым мен әлеуметтік саладағы мәселелерді көтерді. Сала мамандары өз бағыттары бойынша тұрғындардың қойған сауалдарына сол сәтте -ақ толық жауаптар беріп, көптеген мәселелердің оң шешілуіне ықпал етті. 

САҒЫНДЫҚ ЖЫЛҚЫБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ КОНСУЛЬТАНТЫ:

Әрине тиісті сұрақтар бар тиісті мемлекеттік органдармен жұмыс істейтін. Біз оларға «AMANAT» партиясының атынан хат жолдаймыз. Тиісті жұмыс жүргізілетін болады.Көтеріліп жатқан сұрақтардың бәрін «AMANAT» партиясы өз жеке бақылауына алатын болады.