Ақмола облысы Щучье қаласының астық қабылдау пункттерінің бірінде астық кептіру-тазалау комплексінде өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Өрт кезінде қондырғыда 30 тонна күнбағыс тұқымы болған.
Шақырту орнына жеткен құтқарушылар әрі қарай оттың таралуына жол бермеді.
Сондай-ақ оқиға орнына Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы барып, өртті сөндіру жұмыстарын қадағалады.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.