Қостанайдан
«ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне 400-ден астам автобус жіберіледі. Оның 20-сы
дизельдік отынмен қоса, электр тогымен де жүреді. Бұл жайында шенеуніктер
өңірге іс сапармен барған Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа айтты.
Қостанайлық көлік құрастыру
кәсіпорнында болған үкімет басшысы «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне қызмет
көрсететін автобустарды тамашалады. IVECO Crossway маркалы көліктің алғашқы 30-ы Елордада. Қалғанын маусымның
10-да дейін жіберу жоспарланған. Тапсырыс берілген партияның 270 автобусы
қалалық желілерге қызмет көрсетпек. 110-ы халықаралық делегацияға бөлінсе, тағы
43 автобус өңірлерден көрмеге келген оқушыларды тасымалдайды.
Үкімет
басшысы "Қостанай» халықаралық әуежайында да болды. Бақытжан Сағынтаев
кәсіпорында жоспарланған қалыпқа келтіру жұмыстарының жобасымен танысты. Айта
кетері, жөндеу былтыр басталуы тиіс еді. Алайда, мекеме басшысы әлі де тиісті
құжаттардың дайын еместігін жеткізді. Жоспарға сәйкес, ұшып-қону жолағы 300
метрге ұзартылады. Бұл жұмыстың арқасында рейс санын көбейтіп, жолаушылар легін
сағатына 400 адамға жеткізу көзделген. Премьер-министр жөндеу жұмыстарының
аяқталу мерзімін сұрастыра келе, терминалды қалыпқа келтіруге кететін шығынның
қымбаттығын айтты.
-Больше направлений будет, не будет 200 человек, а больше. Будете успевать? -Будем успевать. Мы работаем через зал прилета и через зал вылета. -Очень дорого просите за терминал.
Заңғар
САНАЙ