$522.49 €547.88 ₽5.06
×

Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

AstanaTV
01.12.2024ж. 00:14
478
Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

Жаңа жауынгерлік оқу кезеңінің басталуына байланысты барлық әскери басқару органдары, Қарулы күштердің әскери бөлімдері мен мекемелері жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейіне келтірілетін болады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Желтоқсан айының басында армия бөлімшелері полигондар мен оқу-жаттығу орталықтарына марш жасау үшін дабылмен көтеріледі. Жеке құрам мен әскери техниканы кешенді тактикалық-саптық сабақтар мен жаттығулар өтетін орынға жөнелту жүзеге асырылады. 

"Қауіпсіздік мақсатында өңірлердегі жолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысы уақытша шектелуі мүмкін екенін хабарлаймыз. Осыған байланысты азаматтардан және БАҚ өкілдерінен жалған хабарламалар таратпауды және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұраймыз", – делінген хабарламада.