Сирия армиясы «Джебхат ан-Нусра» тобының шабуылына тойтарыс беріп, 1 мыңға жуық содырды жойды. Бұл туралы Сирияның радио және телевидение бас басқармасы хабарлады, деп жазады Report.
Оның мәліметінше, Сирия армиясы мен «Джабхат ан-Нусра» көтерілісшілері арасындағы үш күндік қақтығыстың нәтижесінде залалсыздандырылған содырлардың саны мыңға жуықтады.
Еске салайық, бұған дейін «Джабхат ан-Нусра» тобының содырлары Алеппо мемлекеттік университетінің кампус маңындағы аумағына оқ жаудырып, салдарынан төрт бейбіт тұрғын қаза тапқан болатын.
Бірнеше күн бұрын Сирияда әкери қақтығыс басталды. «Хаят Тахрир аш-Шам» (HTS) тобы елдің солтүстік-батыс бөлігінде ондаған елді мекенді басып алды. Башар Асад көтерілісшілермен күресті жалғастыруға уәде бергені мәлім болды.