Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында жол-көлік оқиғасы болды, - деп жазды KAZINFORM.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 1 желтоқсан күні кешкісін Өнеге-Бисен-Сайқын жолының 80-шақырымында болды.
- Шамамен сағат 18.58-де жүргізуші рульге ие бола алмай, «ВАЗ-21010» автокөлігінің аударылуына жол берген. Салдарынан өзі оқиға орнында көз жұмды. Осы көлікте отырған екінші ер адам түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлады ведомстводан.
Бөкей ордасы аудандық ауруханасы дәрігерлерінің сөзіне қарағанда, ер адамның сынық жарақаты жоқ, бет, қолдарының терісі сыдырылған. Амбулаториялық ем алуға жіберілді.