$515.25 €535.91 ₽5.18
×

Қазақстандық дәрігерлер адам ағзасын сақтайтын құрылғы жасауда

Қазақстандық дәрігерлер адам ағзасын сақтайтын құрылғы жасауда

Қазақстандық кардиохирургтер адам ағзасын денеден алып, оны сақтайтын құрылғы жасап жатыр. Бірегей жоба трансплантация нәтижесін айтарлықтай жақсартады. Дәрігерлер ағзаны кем дегенде 24 сағат сақтай алады. Қазір мамандар соғып тұрған жүректі, жұмыс істеп тұрған өкпе мен бауырды сақтау үшін технологиялар әзірлеуде. Алдағы уақытта бүйректі де сақтау жоспарланған. University Medical Center кардиохирургтары жүректі сақтау үшін 29 сағаттың ішінде қауіпсіз әрі тиімді жұмыс істеуге болатынын дәлелдеген. Сондай-ақ трансплатацияны сәтті аяқтаған.

ТИМУР ЛЕСБЕКОВ, «UNIVERSITY MEDICAL CENTER» КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫНЫҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:

Қазіргі уақытта әлемде бір ғана балама бар. Бұл америкалық TransMedics компаниясының OCS жүйесі. Біздің құрылғының америкалық құрылғыдан айырмашылығы – бұл оқшауланған органды ұзақ қолдай алады. Сондай-ақ біздің жүйеде ағзаны адам денесінен бөлектеп алып емдеудің барлық кезеңі қарастырылған. Біз бұл органды ультрадыбыстық, тамырішілік артериялық зерттеулер жүргізу арқылы емдей аламыз, бағалай аламыз. Бұл жүректі нәрлендіреді және реципиенттің ағазаға ие болуын қамтамасыз етеді. Ең бастысы – қауіпсіз.