Ақтөбе облысында AMANAT партиясының “ Жер аманаты” жобасы аясында 200 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Ол-осы күнге дейін игерілмей келген ауыл шаруашылығы жерлері. Биыл 130 мың гектардан астам жер қайтарылуы тиіс болса, бұл жоспар артығымен орындалған. Байғанин, Қарғалы, Әйтеке би аудандары көш бастап тұр. Байғанин ауданының өзінде 45 мың гектар жер қайтарылған. Оның көбі- жайылымдық жер. Бұл учаскелер аукцион арқылы басқа шаруа қожалықтарына беріледі.
АҚЫЛБЕК САХИЕВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ АОФ САЯСИ ЖҰМЫСТАР БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ;
Ақтөбе облысы негізінен мал шаруашылығы ғой. Яғни ауыл шаруашылығы жерлері, көбіне жайылымдық жерлер жетіспейді. Сондықтан қазір мемлекет меншігіне қайтарылған жерлердің көбісі осы жергілікті атқарушы органдардың негізінде аукционға салынып, жерге мұқтаж шаруа қожалықтарына үлестірілуде. Жыл басынан бері 2024 жылдың он айында негізі жергілікті атқарушы органдармен 16 конкурс өткізілді. 406 403 мың жер шаруа қожалықтарына үлестіріліп берілді.